22.07.2014
«Бізде бекітілген тәртіп бойынша 451 сарапшы тіркелген. Алайда бізде дәл осындай жұмыс атқаратын 10,5 мың жобалық институтымыз бар. Сондықтанда сарапшылар жетіспеушілігі болмайды. Осыған дейін хабарлағанымдай сарапшылармен байланысқа комиссия жауапты болады. Жалпы, жұмыс ұйымдастырылған тұрғыда жүргізіледі. Мәселен, бір сарапшы шалғай ауылдарды аралап, дәл сол кезде мүлкін заңдастырғысы келіп ниет танытқандармен жұмыс істейді», - деді Б. Жәмішев.
Сонымен қатар, ведомсвто башысы мүлікті заңдастыру үшін қажетті құжаттар тізімін атап шықты.
«Заңдастыру бойынша 3 өтініш, жеке куәлік көшірмесінің 3 данасы және заңдастыруға жататын мүлік құжаттарының көшірмесі және олардың түпнұсқасы керек», - деді Б. Жәмішев.
Министрдің айтуынша, заңдастыру бойынша комиссия барлық әкідіктерде ұйымдастырылған.
Индира Кауметова