22.07.2014
«Қазіргі таңда статистикаға сай, көлеңкелі экономика үлесі 19,2% құрап отыр. Енді бірқатар уақыттан кейін аккумуляцияланып, 2005 жылғыдан бергісі жиналады. Сол кездері аталмыш көрсеткіш 20,5 пайыз еді қазір 19,2%. Демек аздаған өзгерістер байқалады. Алайда тиісті заңның қабылданғанын ескерсек, біз үлкен мөлшердегі өзгерісті күтіп отырмыз. Қандай да жағдайда оң өзгерістердің болатыны анық», - дейді Қ.Қожахметов.
Оның айтуынша, «көлеңкелі экономика» термині мамандардың жұмысында «көрінбейтін эконмоика» ретінде де аталады.
«Біз өз сөзімізде де «көрінбейтін экономика» терминін пайдаланамыз. Бұл халықаралық стандарт. Ол бірнеше түрге бөлінеді. Жасырын экономика – қандай да бір себептерге байланысты компания иелері салықтан жалтару немесе тиісті заң жауапкершіліктерінен қашу мақсатында осындай қызметтерді заңдастырмайды. Бейресми экономика үй шаруашылығы, кішігірім шаруашылықтар мен жұмыскерлерге – заңсыз қызмет пен засыз тауарлар өндірісіне қатысты болып келеді», - дейді Қ.Қожахметов.
Индира Қауметова