• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандықтар заңдастыру  бойынша  1,5 мыңнан астам сұрақ қойды 21.07.2014

«Бізге 1527  сұрақ студияға келіп түсті. Бұл тақырыпқа аса қатты қызығушылықты Алматы, Астана және Шымкент қаларының тұрғындары білдіріп отыр. Бірде-бір сұрақ назардан тыс қалмайды. Барлық сауалдарға сарапшылар жауап қайтаратын болады. Олардың жауаптары электрондық үкіметтің сайтына орналаластырылады», - деп тікелей эфирден хабарланды.

Қазақстандықтардың сансыз сұрақтарына тікелей эфирде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев, ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, ҚР Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Қуат  Қожахметов жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, сұрақтарды бүгін онлайн режимде Электрондық үкіметтің бірыңғай байланыс орталығынының 1414 телефон номеріне хабарласып немесе  әлеуметтік желідегі  #legalkz хэштег  арқылы қоюға болды.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанда заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанынан дейін жалғасады.  


Back to the list