• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қаржы министрі: Қазақстандықтар бұрындары жасырып келген мүліктерін жария ету мүмкіндігіне ие болады 21.07.2014

 «Бүгінгі науқанның бұған дейінгі шаралардан бір ерекшелігі акцияда банк шоттарындағы қаржыны көрсету ғана көзделеді және акцияда бюджетке 10 пайыздық төлемді аудару арқылы мүлік пен ақша жария етілді. Бұл қаражатты экономикаға тарту міндетті емес еді. Бүгінгі науқанда заңдастырылған мүлік табыс болып табылмайды, яғни салық салынбайды. Бірақ бұл қаражаттың есепшотқа түсуі тиіс», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов телекөпір барысында.

Ведомства басшысының айтуынша, заңдастыру бағдарламасы жұмыс істемей, жасырылып отырған, көлеңкелі экономикада жүрген мүлік пен ақшаны экономикаға тартуды көздеп отыр.

«Жүргізіліп жатқан науқанның капиталды заңдастыру бойынша өткен айда қабылданған заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл заң жобасын еліміздің үкіметі қысқа мерзім ішінде Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында дайындап, парламентке енгізді. Биыл Ұлттық инвесторлар кеңесінде Елбасы еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында сыртқы инвесторларға жаңа мүмкіншілік беру тапсырмасын берген еді. Ол үшін жақында жаңа заң қабылданды. Ол жаңа инвеестициялық преференцияларды көздейді. Осы мақсатта Ұлттық қордан 1 трлн теңгені біз экономикаға құйып жатырмыз», - деді Б.Сұлтанов.

«Ең бірінші көздейтін мақсаты – экономикаға сыртқы резервтерді тарту. Екіншіден, халық қазіргі таңда жұмыс істемеп отырған мүлікті заңдастыра отырып үлкен мүмкіндіктерге ие болады. Себебі, мүлік жасырылмай, айналымға кіргеннен кейін жаңа табыстарды алып келеді», - деді.

Оның айтуынша, халықаралық және Қазақстанның өзінің нәтижелі тәжірибесін қолдана отырып 1,5 жылда ел экономикасына жаңа түсімдер келіп түспек.

Индира Қауметова


Back to the list