• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«ҚазАгро» ұлттық холдингі Астана маңында сүт пен шырын өндірісін ашты (ФОТО) 21.07.2014

Зауыттың қуаттылығы сағатына 7 мың литр сүт пен 9 мың литр шырын құюға есептелген. Зауыттың өндірістік жолы табиғи шикізат пен қалпына келтіру шикізатынан сүт өндіруге бағытталған.

Ұлттық холдингтің хабарлауынша, кәсіпкерлік жылына шамамен 50 млн қаптама өндіруді жоспарлап отыр. Отандық өндірушілердің «Жаным» маркалы өндірістік өнімі Астана базарлары мен республиканың әр өңіріне тасымалданатын болады.

Сонымен қатар, «Астана-Боттлерс» ЖШС өкілдерінің айтуынша, зауыттың қосылуын қаржыландыру жобаның бірінші кезеңі ғана. Екінші кезеңде Ақмола облысында 600 басқа арналған ірі қара малының сүт-тауар фермасын құру жоспарланған. Бұл өз кезегінде өндірісті табиғи шикізатпен және тұрақты көлеммен қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда зауыттың іске қосылуымен 54 жергілікті маман жұмысқа орналасқан. Өндірістің толық жоспарлы қуаттылығына жеткенде кәсіпкерлік штаты 150 адамға жетпек.

Жалпы, Астана маңында азық-түлік белдеуін дамыту аясында «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобы тарапынан 46,5 млрд теңгенің 92 жобасы мақұлданған.


Back to the list