21.07.2014
Компания колледждің әлеуметтік серіктесі ретінде барлық қажетті оқу материалдарымен, құрал-жабдықтармен, оқулықтармен қамтамасыз етіп отыр. Орталықтың басты ерекшелігі онда жетім балалар, еңбек мигранттары, интернат түлектері мен аз қамтасыз етілген отбасынан шыққан балалар білім алатын болады.
Жоба экономиканың сұранысы жоғары білікті мамандарды даярлауға және жастардың талабы бойынша болашағы бар, тұрақты жұмысқа орналасуға бағытталған. Айта кетерлік жайт, ҮИИД МБ аясында ол білікті кадрларды даярлауда тиімді механизм.
Бүгінде «KNAUF» ЖШС Азия бойынша 9 оқыту орталығын ашты. Ал, Қазақстан бойынша оның бөлімшелері Астана, Алматы, Петропавл, Қостанай, Орал қалаларында бар. Орталық мамандарды 10 бағдарлама бойынша даярлайды. Олар: жобалаушы, архитектор, сырлаушы, сылақшы, құрылысшы және т.б.
Әр орталықта теориялық және тәжірибе жүзінде білім алуы үшін арнайы сыныптар жасақталған. Олар заманауи неміс технологиясымен жабдықталған.