21.07.2014
Алдымен өңiр басшысына «ХМ өндiрiстiк-өнеркәсiптiк корпорация» ЖШС-нiң өнiмдерi көрсетiлдi. Серiктестiк қарақұмық, тары, сұлы жармаларын өңдеумен айналысады. Жақында тауарды өлшеп орауға арналған тағы бiр автоматты iске қоспақшы. Кәсiпорын сонымен қатар, жиһаз бен пластик терезелер шығаруды да қолға алған. Дәлiз, ас үйге арналған жиһаз бәсекеге қабiлеттiлiгiмен көзге түседi.
Сонымен қатар, Ерік Сұлтанов 300 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.
«Құрылыстың бұл жолғы қарқыны да мәз емес. Әзiрге нысан басында 40 шақты адам жұмыс iстеп жатыр. Нысанды уақытында тапсыру үшiн адам саны аздық етедi. Құрылысшы санын көбейтiп, жұмысқа қарқын бермесе болмайды. Жаңа оқу жылына 40 күн қалды. Сіздерге 1 желтоқсанға дейін уақыт беремін. Білім ошағы сол кезде пайдалануға берілетін болсын», - деп аймақ басшысы мердiгермен кездесу барысында қатаң тапсырды.
Бұдан кейiн облыс әкiмi ауданның активiмен кездесiп, әлеуметтiк-экономикалық жағдайды жақсартуға арналған жиналысқа қатысты. Келелі кеңес барысында ол мемлекеттік бағдарламалардың игілігінен құ қалмау, олар бойынша көптеп жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.