21.07.2014
Аумағы 434,7 гектар болатын ауылшаруашылық жер телімдері Ақмола облыстық Әкімдігінің қаулысына сәйкес, «Таукен-Степногор» ЖШС-не 2009 жылдың маусымында 5 жылға жалға берілген еді. Жалданған жердің бір бөлігінде алтын кені болған, делінген хабарламада.
Алайда, қойнауында алтыны бар аумақта ешқандай жұмыстар жүргізілмеген, уақыт өте жер телімдері құндылығынан айрылып, жарамсыз күйге түскен. Талап құжатында «Таукен-Степногор» ЖШС келтірген ауылшаруашылық өндіріс ысырабы 43 956 720 теңге деп анықталды.
«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ мен «Таукен-Степногор» ЖШС арасындағы сот дауы 5 жылға жуық жалғасты. Әкімдіктің «Таукен-Степногор»-ға көп мәрте жолдаған ескертулері еленбеген.
Қазіргі уақытта атқару өндірісі толық көлемде орындалып, өндірілген сома республикалық бюджетке қайтарылды.