21.07.2014
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақпараттық технологиялардың қазіргі мемлекет басқарудағы рөлінің маңыздығын ерекше айтып келеді. Бүгін Атырауда ашылып отырған орталық сол игі бастамалардың жалғасы деп білемін. Бұл орталық ақпараттық технологияларды дамытуда, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтердің халыққа сапалы қызмет етуге үлкен үлесін қосады деген сенімдемін», - деді жаңа нысанның ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Айта кетерлік жайт, аппарат залы барлық қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылған. Ақпараттық жүйені реттейтін, қамтамасыз ететін инженерлік инфрақұрылымда 23 қызметкер жұмыс істейді. Ақпараттық технология саласы қызметкерлерінің барлығы да халықаралық деңгейде білім жетілдіру курстарынан өтіп, сертификаттарға иеленген.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық ақпараттық орталық 2000 жылдары құрылып, он төрт жылдай уақыт бойы еліміздің әр аймағында мемлекеттік органдардың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде.