• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Алтын Үкі - 2014» - қазақстандық мергендерде  (ФОТО) 20.07.2014

Сайыста Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Қытай, Пәкістан және АҚШ қарулы күштерінің әскери қызметшілері бақ сынасты.

«Алтын үкі» Қазақстанда осымен бесінші рет қатарынан өткізіліп келеді. Оған қатысушылардың барлығы өздерінің ерік-жігерлерін көрсете білді, үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін барын салды», - деп атап өтті Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

«Осы сайыста Сіздерге бойдағы күш-қуатты, психологиялық және дене дайындығын көрсетуге жақсы мүмкіндік берілді. Ең бастысы бұл – баға жетпес тәжірибе», - деді мергендерге арнаған сөзінде ҚР ҚК Бас штабының бастығы.

Қатысушылар бес күндік қызу жарыста даярлықтың арнайы түрлері бойынша нормативтер тапсырды және жауынгерлік тапсырмаларды орындау жолында жақсы даярлықтарын көрсете білді. Мергендер түрлі кедергілермен қоса, снайперлік қарумен күрделі жағдайларда ату сияқты сындарға түсті.

Нәтижесінде қазақстандық арнайы мақсаттағы әскерилер бірінші орынға ие болды. ІІ орын Қытай Халық Республикасының қатысушыларына берілсе, ІІІ орынға Ұлыбритания өкілдері қол жеткізді. 


Back to the list