18.07.2014
Оның барған бірінші нысаны көппәтерлі екі үйдің құрылыс алаңы. Тұрғын үй биылғы жылдың қазан айында иелеріне берілмек.
Бүгінге дейін бес қабатты үйдің бірінші қабаты салынып бітті, екінші қабаттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 186,9 млн теңгені құрайды.
Облыс әкімдігі тасқыннан зардап шеккен №1 мектепке барды. Мектепке күрделі жөндеу жұмыстаыр жүргізілуде. Демонтаж жұмыстары аяқталды. Негізгі блоктар орнатылып, есіктер, еден құрылғылары қойылған. Нысанда 45 адам жұмыс істеп жатыр. Нысанды тапсыру уақыты 2014 жылдың 10-ыншы тамызы.
Одан кейін әкім тұрғын үйден алынған медучилищенің жатақхана ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Құрылыс құны 125 935 мың теңгені құрайды.
Қазіргі таңда аймақты абаттандыру жұмыстары мен әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта 122,1 млн теңге бөлінгені белгілі. Атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 62,8 млн теңгені құрайды.