18.07.2014
«Даму» КҚҚ хабарлауынша, гранттық қаражаттар кәсіпкерліктер тарапынан негізгі құралдарды, материалдарды, материалдық емес активтерді, кеңес алу қызметтерін, технология мен франшиза құқығын алуға пайдаланылады. Гранттар жылжымайтын мүлік немесе жер телімін алуға пайдаланылмайды.
Грант көлемі 1-5 мың доллар арасында. Грант алуға берілетін өтініштер байқау комиссиясы тарапынан қаралады.
Өтінішті қабылдаудың соңғы күні 2014 жылдың 10-ыншы тамызы.