18.07.2014
Күршім ауданы әкімі Алтайбек Сейітовтың айтуынша, Бұқтырма су қоймасының бір бетінен екінші бетіне өту мәселесі бүгінде өте қиын болып отыр. 2013 жылдың 15 ақпанында ШҚО әкімдігі мен корей компаниясы арасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Бұқтырма арқылы облыстық маңызы бар Большенар-Күршім жолына шығатын жаңа көпір құрылысы мен оны пайдалануға беруде ынтымақтастық танытуға келісті. Қазіргі таңда ТКШ, автокөлік және автожол басқармасында ШҚО мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің өңірлік орталығымен бірлесе отырып салалық сараптамадан өтуі тиіс инвестициялық ұсыныстар дайындалды.
«Аталмыш көпірді іске асыруға оң қорытынды алған жағдайда концессия арқылы бірқатар сараптамадан өткізілетін концессиялды ұсыныстар дайындалуы қажет. Қазіргі таңда өткел көпірі құрылысы мен пайдалануға берудің техникалық-экономикалық жұмыстары жүргізілуде», - дейді ШҚО жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы жетекшісінің орынбасары Мира Нұрпейісова.
Оның айтуынша, жоспарланып отырған автомобиль көпірі 1300 метрге жетсе, ені 13 метрді құрамақ. Өткелді Бұқтырма сағасының ең жіңішке жерлерінің бірі Күршім ауданы Құйған ауылы маңайынан салу қарастырылуда. Жобаның құны шамамен 20,9 миллиардов теңге болмақ. Көпір 2015-2018 жылдар аралығында салынбақ.
«Күршім ауданы көпшілік кеңесі 2009 жылы құрылған. Олар негізінен ауданның өткір мәселелерін шешуде ұсыныс беру сипатында жұмыс істейді. Аудандық билік көпшілікпен тығыз диалог құрған», - делінген хабарламада.