18.07.2014
«2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 5,5%-ға азайды. Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны уақыт өткен сайын азаюда ( тиісінше 24,3% және 25,7%). Атап айтар болсақ кісі өлтіру 22,6%, тонау 27,9%, қарақшылық 49%, бопсалау 22,7% және бұзақылық 16,3% азайды», - дейді А.Дауылбаев.
Осы орайда ауыр жән аса ауыр қылмысты ашу деңгейі 11% және 4% ұлғайған.
Сонымен қатар қылмыстық істердің сотқа дейінгі кезеңінде прокурорлар тарапынан заңсыз ұсталған 954 тұлға босатылып, 586 адамға қатысты жедел-іздестіру шаралары тоқтатылды.
Арнайы прокурорлар тарапынан 292 күрделі және зекті қылмыстық істер қаралып, соның 82-сі сотқа жөнелтілді.