18.07.2014
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау мен оларды ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жұмыстары жалғасуда. Жер ресурстарын басқару комитеті 2012-2013 жылдары 61,2 мле гектар жер ауыл шаруашылығына хатталды. Биыл 30,6 млн гектар жерді хаттаудың үш кезеңдік жұмыстары аяқталуда. Қазіргі таңда барлық өңірлерде алқаптық жұмыстар аяқталып, мәліметтерді камералық өңдеу басталуда.
2012 жылы жүргізілген жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін хаттау нәтижесінде 54,8 мың пайдаланылмай жатқан жер телімдері анықталып, соның ішінде қазіргі уақытта мемлекен меншігіне 20 мың гектары қайтарылды.
Сонымен қатар шаруашылықсыз мүлік ретінде 1,7 мың учаскі есепте тұр. Соның ішінде Оңтсүстік Қазақстан облысына тиесілісі 0,7 мың жер телімі, Батыс Қазақстан облысына 0,4 мың жер телімі тисілі. Хат арқылы жіберілген ескертулер нәтижесі бойынша иелері 17,4 мың жер телімін игере бастаса, қалған 6,9 мың жер телімі азаматтық құқықтық келісім арқылы екінші адамдарға табысталды.
Ерекше есепте 8,2 мың жер телімі тұр. Олар бойынша айыптау-іздеу жұмыстары жүргізілуде.