18.07.2014
Онда азаматтық авиация субъектілеріне медициналық қызмет көрсету, тауарлы биржалардағы биржа саудасын ұйымдастыру мен ілгерілету қызметтері, Батыс Қазақстан облысының географиялық шекараларындағы электресептегіштерін жөндеу қызметтері, Алматы қаласы географиялық шекараларындағы көшені жарықтандыру процесін автоматтандыру бойынша тауар нарықтарын жасалынған талдаудың нәтижесі қаралды.
Авиация саласындағы компаниялардың біріне бәсеке нарығы мен игерілмеуді ескере отырып азаматтық авиация субъектілеріне медициналық қызмет көрсету бойынша тауар нарығына көрсетілген сараптама нәтижесі бойынша төмендегі қызметтер көрсетіледі. Олардың бәсекелестік ортаға тапсыруы туралы ұсынысты құзіретті органға жөнелту шешімі қабылданды.
Сараптама барысында тауар биржалары қызметінде бірқатар күрделі мәселелер анықталды. Мысалға, бұл тауар биржалары тарапынан сауда ұйымдастыру кезіндегі бекітілген бірқатар талаптардың орындалмауы және қос қарымта аукцион түріндегі (бағаның ұсыныс-сұраныс деңгейіне қарай өзгеруі) сауданың кемінде 15 пайызын жүргізу туралы талаптардың орындалмауы. Осы орайда биржашылардың өздеріне бар болғаны 9 тауардан тұратын қарастырылған тауар тізімін дамыту шектеледі. БҚА сарапшыларының хабарлауынша, тізімге Қазақстанда төмен деңгейде орын алған тауарлар енгізілген.
Сонымен қатар сараптама барысында Агенттік зерттеулерінің Департамент тарапынан қаралатын монополияға қарсы заңнаманы бұзу жағдайлары анықталды.
Әдістемелік кеңес Батыс Қазақстан облысының географиялық шекарасындағы электроесептегіштерді жөндеу қызметтерінің тауарлы нарығы сараптамасы қорытындысы бойынша құрылған Реестрге субъектілерді енгізу немесе одан шығару бойынша БҚО Монополияға қарсы агенттігі ұсынысы қолдау тапты.