17.07.2014
Аймақ полициясының автопаркі қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған 153 қызметтік автомобильдермен толықты. Олардың 120 «Нива» маркалы автомобилдер болса, 32 – і «Шкода» маркасынан. Сонымен қатар, «Тойота Хайс» маркалы автокешенінің базасында жасалған «Автодауыл» апаратты-бағдарламалық кешені бар.
«Автодауыл» АБК көліктер ағымында жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауға арналған. Сонымен қатар, ол көлікті автоматты тіркеуге, оны түрлі базалар бойынша іздестіру арқылы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.