• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысында жылу электростанциялары құрылғыларын жөндеуге 23 млрд теңге жұмсалады 17.07.2014

Бөлінген қаражатқа 29 қазандық пен 14 турбина жөнделіп, 2 жаңа турбинаға монтаж жасалады. Қазірге дейін 7 қазандық агрегаты мен 2 трубинаның жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 31 жергілікті қазандық пен 69 км жылу желісі, 1939 км электр желісі мен 504 шағын станция, 92 шақырым су құбыры және кәріз жүйесі желілерін жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.  

Қысқы кезеңге дайындық деректері бойынша облыста 554 білім беру нысаны, 182 денсаулық сақтау нысаны, 175 мәдениет нысаны мен 34 спорт нысаны және 3405 көпқабатты тұрғын үй қабылданды.  

1 қазанға дейін жергілікті қазандықтарда және бюджеттік ұйымдарда 338 мың тонна көлеміндегі қор жанармайы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда 256,5 мың тонна көмір артылды, бұл жоспардың 75 пайызын құрайды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі жаңа жылыту маусымына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.  


Back to the list