17.07.2014
«Алдын алу шараларына қарамастан, жедел келiп түскен ақпараттарға сәйкес биылғы жылы Қазақстан аумағында 8254 төтенше жағдай мен табиғи және техногендiк сипаттағы оқиға орын алды. Бұл – 2013 жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. Алдын ала жиналған ақпарттарға сәйкес метариалдық шығын 2,07 трлн теңгенi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 69,2%-ға төмендедi. Жалпы, жерді қашықтықтан зонттау арқылы 900-ге жуық өрт анықталды», - дедi сөз басында В.Божко.
Сонымен қатар, ведомсвто басшысы жерді қашықтықтан зонттау жүйесінің тиімді тұстарын кеңінен тарқатып айтып берді.
«Жерді қашықтықтан зонттау жүйесі арқылы біз нақты географиялық координат мәліметтерін алып отырамыз. Ол бізге қай бөлікте өрт тұтанғанын білуге және оны жедел сөндіруге мүмкіндік береді», - деп ол сендірді.
Оның айтуынша, өрт қаупі аса жоғары мезгіл басталғалы ғарыштық мониторингтің арқасында 50-ден астам табиғи өрт анықталды.
«Сонымен, өрт қаупі жоғары мезгіл басталғалы ғарыштық мониторигтің арқасында 56 өрт анықталды. Бұл өз кезегінде жағдайды ұшықтырмай, тілсіз жауды тезірек жеңуге септігін тигізді. Біз отандық серіктік зонттау жүйесіне үлкен үміт артып отырмыз. Ол қосылған жағдайда біз жоғары сапалы суреттерді ала отырып, төтенше жағдайды өз пайдамызға шешетін боламыз», - деді В. Божко.
Индира Кауметова