17.07.2014
Тексеріс нәтижесі бойынша жалпы құны 362,1 млн теңгенің техникалық реттеу талаптарына сай келмейтін түрлі өнімнің 1,6 мың партиясын сатуға тыйым салынды.
Жалпы құны 50,6 млн теңгенің 415 айыппұлы салынды.
Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің 10 шілдедегі Қаулысымен 2020 жылға дейінгі Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жоспар бекітілді.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті 2014 жылдан бастап сыртқы нарықта отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыратын және алдағы алты жылда республикадағы қолданыстағы техникалық реттеу жүйесін түбегейлі жаңғыртатын бағдарламаны іске асырудың жүйелі жұмыстарына кірісіп кетті.
Техникалық реттеу саласын жаңғырту бойынша арнайы бағдарлама стандарттаудың жаңа қағидасына негізделген. Демек, экономика үшін және өндіріс салаларына жаңа талаптар, жаңа нормалар, еуропалық деңгейдегі жаңа стандарттар енгізіліп, тиісінше, Қазақстанда жоспарланып отырған барлық жобалар тиісті нормативтік базаға иелік етпек.