• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Зияткерлік меншік құқығы арнайы штрихкодпен қорғалады – ТҚҚА 17.07.2014

«Кедендік одақ аясында өнімді штрихкодтауды енгізу бойынша Беларусь Республикасының тәжірибесі қаралуда. Бұш салада Беларусь елінің бес жылдық тәжірибесі бар. Барлық кезеңде өнімнің контрафактіліктігі немесе түпнұсқалылығы, екіншіден өнім сапасы бақылана алады. Әрине, сертификатталған өнімге ғана осы штрихкод қойылады. Бұл өз кезегінде экономикаға айтарлықтай пайда әкеледі. Салық органдары барлық салық түсімдерін оңай бақылайды», - дейді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, зияткерлік меншік құқығын қорғанудың бұл әдісі контрафактілік жағдайлардың алдын алады.

Сонымен қатар Қазақстандық штрихкодтау зияткерлік меншік құқығының ең оңай және тиімді үлгісі болып табылады.

«Басқа да әдістер бар. Ол чиптеу. Бұл жүйе Гонконгте, АҚШ-та қолданылады. Менің ойымша, алайда, кәсіпкерілкке ең тиімдісі штрихкодтау болып табылады», - дейді Ж.Бекшин.

Индира Қауметова


Back to the list