17.07.2014
Республикамыздағы бірінші құрама жем өндіру бойынша кәсіпорын мемлекеттің және «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің қаржыландыруымен жүзеге асты.
Еске салайық, аймақтың мал шаруашылығы үшін маңызды нысанның ашылуы 2014 жылдың 2 шілдесінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір шеңберінде өтті.
Зауыттың жобасы малды тамақтандырудағы концерннің көпжылдық тәжірибесі ескеріле отырып, AGRAVIS технологиясы бойынша жасалған, жетекші швейцар өндірушісі Bühler желісімен жабдықталған.
Жобаның жалпы құны - 1 млрд.теңгеден артық, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ құрылымындағы компания - «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражаты 634 млн. теңгеге жуық. Қаржыландыру талаптары-жылдық 6%, мерзімі 10 жылға, сонымен қатар жеңілдетілген мерзімі 2 жыл.
«Жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде құрама жем зауытына электр қуаты мен автомобиль жолы сияқты барлық қажетті коммуникациялар жүргізілген.
«Agrо-Trading 2007» ЖШС құрама жем зауыты замануи технологиялардың арқасында малдың әр түріне -ірі қара мал, КҚМ, шошқа және құсқа арналған құрама жем құрамына дәрумендер, микро және макроэлементтердің максималды көрсеткішін енгізуде.
Сағатына 15 мың тонна толық жобалық қуаттылыққа кәсіпорын ағымдағы жылдың қыркүйек айында шығуды жоспарлауда.