• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысы әкімі ҒӨО ғалымдарымен астық саласының өнімілігін арттыру жайын талқылады 17.07.2014

Орталық оқымыстылары елдің әрбір аймағына жеке-жеке астық өндірісі мен егістіктің өнімділігі мен генетикалық әлеуетін арттыру бойынша зерттеу қызметтерімен және өндіріске ғылыми жаңалықтарды енгізе отырып түрлі егістік шаруашылықтарының жоғары сапасын шығарумен айналысады. Орталықта 300 қызметкер еңбек етеді. Соның екеуі ғылым докторы, 17-сі ғылым кандидаты, 90-ы ғылыми қызметкер болса, 191-і техникалық қызметкер.

2013 жылы астық өндірісі 4 654 тоннаны құрады. Астық шаруашылығының шығу көрсеткіші 15,7 ц/га. Биыл 2 600 гектарға астық себілген.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі бірнеше ауылдарға да ат басын бұрды. Атап айтар болсақ Бозайғыр ауылдық округінің орта мектебінде болып, 201 млн теңге жөндеу жұмыстарын жүргізген оқу ордасының жағдайымен танысты.

Ал Шортанды ауылында С.Кулагин аудандық орталық ауруханаға барып, бірнеше мектеп пен «ҚазГруХолдинг» ЖШС ет өңдеу кәсіпкерлігінде болды. Серіктестік кәсіпкерлікте мал өнімдерін өңдейді, онда 100-ден астам өнім түрлері өндіріледі. Өткен жылы кәсіпкерлік Астана мен Қарағанды нарығына 514 млн теңгеге 562 тонна шұжық өнімдерін шығарды.

Сапар қорытындысында әкім Бозайғыр ауылдық округінде тағы бір мектеп салу мәселесін көтерді. 


Back to the list