16.07.2014
Аталмыш жоба қала әкімі Д.Сатыбалды мен Шымкент қалалық архитектура және қала құрылысы бөлімінің өкілдері тарапынан қолдау тауып, қалада электронды карта жобасы таныстырылды: қаланы үш аймаққа бөлу, жарнама конструкциясы мен олардың санын реттеу, жарнама орналастыру алаңдарын белгілеу.
Айта кету керек, жарнамалық конструкцияны қаланың электронды картасына тартатын бағдарламалық кешендерді енгізу аспалы жарнамалар нарығын бақылау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді және жарнама конструкциясы құрылғысына рұқсат беру процедурасын автоматтандыруға жол ашады.
«Бұл әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасының өзара ынтымақтастығының жарқын үлгісі. Бұл мемлекеттік қызметтіңайқындығын қамтамасыз ететін тетік болып табылады», - деп хабарлайды palata.kz сайты.
Әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасының жұмыс тобы арасында жаранама бизнесінен кәсіпкерлік ойын ескере отырып электронды картаны жетілдіру туралы келісімге қол жеткізілді.