16.07.2014
Бұл құрылғылар көшеде орын алған бұзақылықты тіркеп, қажет болған жағдайда оператор сәйкесінше шаралар қабылдайтын болады.
Сонымен қатар, сулы-нулы бульварда қосымша бейнебақылау камералары орнатылады.
Естеріңізге сала кетейік, сулы-нулы бульварды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда онда жаяужол тақтайшалары гранитке ауыстырылып, суармалы су құбыры өткізілді, жарықтандыру іске қосылып, шағын сәулеттік формалар қойылды, өтетін жолдағы асфальтбетон төсеніш жөндеуден өткізілді, сонымен бірге газон төселіп, гүлзарлар отырғызылды.