• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысының су қолданушылары 41 млн теңге салық төледі 15.07.2014

Бассейндік инспекциясының атқарған істері барысында су қолданысын реттеу және оның ресурстарын қорғау шаралары жүргізілді. Оның аясында мемлекеттік 519 су қолданушылар тіркелген. Бірініші жарты жылдықта 48 нысанға су қолдану үшін арнайы рұқсаттамалар берілсе, Салық комитетінің тексерісі барысында су қолданушылар шілденің 1-не дейін 41 млн теңге салық төлегені анықталды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Бұдан басқа, келелі кеңесте «Жол картасы – 2020» бағдарламасының жай-күйі сөз болды. Бағдарлама аясында соңғы үш жылда жаңа 30,9 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық пен жағдайсыздық едәуір төмендеген. 

«Биылғы жылда «Жол картасы» бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру үшін 4,9 млрд теңге жұмсалып, жаңа 2,4 жұмыс орны ашылмақ. Бірінші жарты жылдық барысында жұмыспен қамту орталығына 3,550 адам тіркелген. «Жол картасы жұмыспен қамту» аясында 1926 адам, сонымен қатар жұмыссыз 53%, тіркелмегендер 15 %, жартылай қамтылғандар 1,7%. Тұрғын үй комуналдық шаруашылық пен инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында 45 жобаны іске асыру жұмыстары басталған», - деп облыс әкімдігінен атап өтті.


Back to the list