• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қордың белсенді қарыз алушыларының үштен бір бөлігі - әйелдер 14.07.2014

Семинарға Ұлттық комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары селолық округтерінің әйелдер-әкімдері қатысты.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Қудасбаеваның айтуынша, Қордың ауылдық шағын несиелеу нарығындағы үлесі 93% құрайды. Үш жарым жылдың ішінде (2011 - 2014) Қордың филиалдық жүйесі арқылы 44 млрд. теңгеге 18 мың қарыз берілсе, оның ішінде – 11,2 млрд. теңгеге 6 мыңнан астам қарыз әйелдерге тиесілі (30-32%).

Әйелдер «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы, «Кәсіпкер» ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес бизнес түрлерін несиелеу, «Бизнес-Аймақтар» шағын және орта бизнесті қолдайтын бағдарламаларына қызығушылық танытады. 2013 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасымен берілген несиелердің 34%, «Бизнес-Аймақтар» бағдарламасы бойынша - 45%, «Кәспкер» бағдарламасы бойынша - 50% әйелдерге берілді. Жоғары сұранысқа байланысты, ағымдағы жылы аталған бағдарламалар бойынша қаржыландыру көлемі көтеріледі деп жоспарланған.

«Қаржылай қолдаудың екінші бағыты – ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу үшін Қор тарапынан шағын несие / шағын қаржы ұйымдарын қаржыландыру. 2007-2008 жылдары Қордың қатысуымен 51 шағын несие ұйымынан 94 аудан орталығын қамтитын жүйе құрылды. 19 ұйымын әйелдер басқарады. Түпкі қарыз алушыларға келгенде, 5 716 белсенді қарыз алушының 2 068-і (38%) – әйелдер», делінген «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ хабарламасында. 


Back to the list