• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қостанай облысында ТКШ мәселесі бойынша халыққа кеңес берілді 14.07.2014

Коммуналды төлемдер төлеу пунктерінде төмендегі сауалдарға жауап берілді: Тариф бағасы қалайша құрылылады? Есептегішті қалайша тексере аламыз? Көпқабатты үйлердің төбесін кім жөндеуі керек? Ауылдық округты орталық сумен қамту қашанға жоспарланып отыр? Осынау сұрақтарға азаматтар коммуналдық кәсіпкерлік өкілдіктері мен мемлекеттік орган қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен партиялық активтер тарапынан жауап алды, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясы.  

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы халықтың барлығына ортақ тақырып. Зейнеткер декәсіпкер де осынау саладан айналып өте алмайды. Соған сәйкес азаматтардың барлығы да осы саладағы жаңалықтардан барынша хабардар болуға тырысады. Мысалға, үйге су тарту, есептегіш құрылғыларын орнату мәселесі бүгінгі таңда уақыт күттірмек емес. Ай сайын халықтың коммуналдық қызметтер төлемін төлейтінін ескеріп, біз шараны осында ұйымдастырып отырмыз», - дейді партияның Арқалық қалалық бөлімшесінің төраға орынбасары Нұрлан Хамзин.

ТКШ кеңес беру шаралары Қостанай облысының Амангелді, Қарабалық, Қарасу, Таран аудандары мен Арқалық қаласында өтті. Шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 


Back to the list