14.07.2014
«2014 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 0,4%-дан, абаттандырылған тұрғын үйлерді 0,2%-ға өсті, ал жаңа тұрғын үйлерді сату 0,6%-ға төмендеді», - делінген хабарламада.
Республика бойынша орташа көрсеткіштегі жаңа тұрғын үй бағасы маусым айында шаршы метріне 214350 теңгені құрады. Ал екінші нарықта бұл көрсеткіш шаршы метріне 168986 теңге. Тұрғын үйді жалға беру бағасы шаршы метріне 1198 теңге.
Үй бағасын бақылау құрылыс компанияларын қосқанда қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операция жасайтын бірқатар ұйымдар бойынша Астана, Алматы және облыс орталықтарында жүзеге асырылуда.