• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысының Бозой кентінде ХҚКО бөлімі ашылды 14.07.2014

Бұрын Бозой кентінің тұрғындары қажетті анықтамаларды алу үшін мобильдік ХҚКО қызметтерін пайдаланған немесе олардан 250 км қашықтықта орналасқан Шалқар ауданына баратын, деп облыс әкімдігінен хабарлады. 

Кент тұрғындарына ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің толық спектрін көрсету үшін (құжаттандыру қызметтерін қоспағанда) ПБАБ –на ХҚКО ЫАЖ бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілді, интернет желісі қосылған, ҚҚП (қоғамдық қолжетімділік пункті) орнатылған, сондай-ақ «Қазпочта» мамандарын оқыту жүргізілген.

«Бұл Ақтөбе облысының Қазпочта ғимаратында орналасқан екінші Халыққа қызмет көрсету орталығы. Почта байланысының ауылдық бөлімшесінде бірінші ХҚКО өткен жылғы қыркүйекте бастау алған почта байланысының ауылдық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба аясында ағымдағы жылғы қаңтар айында Әйтеке би ауданының Қарабұтақ кентінде ашылған. Ол мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтары қарастырылмаған шалғай елді мекендерінің тұрғындары үшін арнайы ашылды. Қазіргі таңда, Қазақстанның барлық облыстарында осындай 39 бөлімше жұмыс істеуде», - делінген хабарламада. 


Back to the list