14.07.2014
Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2014 жылғы мамырда 12306,4 млрд. теңгені құрап, 0,6%-ға өсті (жыл басынан өсім 9,0%).
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 8037,4 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға өсті (жыл басынан өсім 1,3%), шетел валютасындағы кредит көлемі 4269,0 млрд. теңгеге 0,03%-ға төмендеді (жыл басынан өсім 27,2%).
Ұзақмерзімді кредиттеу 2014 жылғы мамырда 9896,5 млрд. теңгені құрап, 1,1%-ға көтерілді, қысқамерзімді кредиттеу 2409,9 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға төмендеді.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 2014 жылғы мамырда 8360,9 млрд. теңгеге дейін 0,5%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер 3945,5 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 32,0%-дан 32,1%-ға дейін ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2014 жылғы мамырда 1507,6 млрд. теңгеге дейін 3,0%-ға өсті (жыл басынан өсім 17,5%), бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 12,3%-ын құрайды.
Салалар бойынша банктердің экономикаға берілген кредиттерінің анағұрлым айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 19,3%), құрылыс (12,1%), өнеркәсіп (10,8%), көлік (3,7%) және ауыл шаруашылығы (3,4%) сияқты салаларға тиесілі.
2014 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,0% (2014 жылғы сәуірде – 10,8%), жеке тұлғаларға – 19,0% (18,0%) болды.