• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
МЖӘ дамыту бизнестің  мемлекетке деген сенімін арттырады 14.07.2014

Дөңгелек үстел барысында іс-шараға қатысушылар  мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік аясындағы кедергілерді, мемлекеттік жеке меншіктік әріптестік  ұлттық және халықаралық тәжірбиесін, Қызылорда облысындағы  концессиялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады, - деп аймақтық КП баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану мемлекетке де, бизнесті дамытуға да бірқатар артықшылық береді. Жеке сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер және тиісінше жаңа кіріс көздері, ірі жобаларға қатысу мүмкіндіктері туады.

«Қызылорда облысының  кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров өз баяндамасында атап өткендей,  мемлекеттік жеке меншіктік әріптестік  жобаларын жүзеге асыру өңірімізге экономикалық өсу, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жалпылай алғанда бизнестің мемлекетке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

 


Back to the list