• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Нұр Отан» партиясын сапалы мамандармен толықтыру керек –  Б.Сапарбаев 12.07.2014

Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбековтың  айтуынша, аймақтық филиалдың 20 территориялық бөлімшесі және 541 бірінші партиялық ұйымы жұмыс істейді. Партияға мүшелікке 70 мыңнан астам адам өткен. Жалпы, филиалдың дамуы, халықпен байланыс орнатуы жоғары деңгейде. Ай сайын мүшелікке өтушілер саны артып келеді және партия жұмысына белсенділер көптеп тартылуда, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Жиналғандардың назарын облыс әкімі партияның идеологиялық жұмысына аударды.

«Партияның басты міндеті -  идеологиялық жұмыс. Материалдық базаны, машина мен офис мәселесін қозғамай тұра тұрыңыздар. Біз партияны білікті мамандармен толықтыруды ойластыруымыз керек», - деді аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, партия қатарын жұмысшылар мен шағын және орта бизнес өкілдерімен толықтыру керек. 


Back to the list