13.07.2014
14-20 шілде аралығында Қазақстандағы алғашқы "Отан қорғаушылар" әскери-патриоттық лагері ашылады. Онда шақырылымға дейінгі жастарды Отан қорғауға ұзақмерзімді ынталандыру жағдайы жасалып, Қазақстанның Қарулы күштері қызметіне дайындау шаралары атқарылады, деп хабарлайды Әскери-патриоттық клубы.
Лагерьге әскери-париоттық, әскери-спорттық клубтың белсенділері, оқушылары мен мүшелері, соның ішінде жас жеткіншектер мен Қазақстанның барша мемлекеттік құрылым және қауымдастық өкілдері қатысады.
ҚР ҚМ Құрлық әскері әскери институты полигоны базасында болашақ Отан қорғаушылар әскери техникалармен танысып, қоян-қолтық ұрыс пен атыс, әскери барлауы қызметтерінің қыр-сырына қанығады.