12.07.2014
«Арнайы жұмыс тобының құрамына ҚР Өңірлік даму министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің және өзгеде өкілетті органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобының басты міндеті - көп қабатты үйлердің тұрғындарына жалпы жылу есептегіш құралын орнату қажеттілігін түсіндіру», - деп ҚР Өңірлік даму министрлігінен хабарлады.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының әкімдігінде осы мәселеге қатысты ҚР Өңірлік даму министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің және өзгеде өкілетті органдар мен жергілікті әкімдік өкілдерінің қатысуымен алқа мәжілісі өткізіледі, делінген хабарламада.
Айта кетерлік жайт, жұмыс тобы облыстағы көп қабатты үйлерді аралап, олардың тұрғындарымен кездеседі.