• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО тұрғындарына жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу бойынша семинар өткізілді 12.07.2014

Семинар барысында қатысушылар үшін жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу рәсімі түсіндірілді. Сонымен қатар, отырыста осы салада қордаланған мәселелер талқыланып, көптеген сұрақтарға жауап алынды, деп ШҚО-ның Әділет департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік,  ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Осы Заңға сәйкес 2013 жылдың қаңтарынан бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық түрде тіркеу тәртібі белгіленіп, жүзеге асырылуда.  Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мәміле жасаушының өтінішінсіз және нотариуста құжаттарды ресімдегеннен кейін азаматтарға мәмілені бірден тіркеу органына жіберу мүмкіндігі туды.  Нотариус  Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы тіркеуші органға құжаттарды тіркеуге жолдайды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу 1 күн ішінде жүзеге асырылады, бұл - мәміле жасаушыға өте тиімді.


Back to the list