• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Айбар» жобасы бойынша күзет катері айдынға түсірілді 12.07.2014

«Салтанатты рәсімде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, бұл - «Орал «Зенит»зауыты» АҚ-да мемлекеттік тапсырысқа сәйкес жасалған 22-інші кеме. Бұл Елбасымыздың Қазақстан шекарасын нық ұстау жөніндегі тапсырмасын орындауға қосылған нақты үлес болып табылады. Осынау абыройлы да жауапты іс алдағы уақытта да жалғасын табады. Зауытта бұдан бұрын құрастырылған «Бүркіт»жобасының жаңа, жетілдірілген түріболып саналатын катер Каспий теңізінде мемлекеттік шекараны күзетуге арналған. Жылдамдығы, басқаруы, жүзу ұзақтығы, дербестігі, экипажға жағдай жасау жағынан жақсартылған катерде жауынгерлік қару да орнатылған», - деп БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары, полковник Кеген Тұрсынбаев Елбасы тапсырмасына сәйкес тапсырысты уақтылы да сапалы атқарғаны үшін «Зенит»зауытының ұжымына ризашылығын білдірді.

«Зенит» зауытының бас директоры Вячеслав Валиевтің айтуынша, «Қазақстанинжиниринг» ҰК» АҚ-ның құрамына кіретін аталмыш кәсіпорында тапсырыс болған жағдайда салмағы 600 тоннаға дейін баратын кемелерді жасап шығаруға мүмкіндік бар.


Back to the list