• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысының әкімі жылу маусымына дайындықты пысықтады 10.07.2014

Златопольск ауылдық округіндегі орта мектеппен дәрігерлік амбулаторияны аймақ басшысы аралады. Екі ауысымда жұмыс істейтін мектепте 200 бала білім алса, 96 бүлдіршін шағын орталыққа барады. Сынып тапшылығын азайту мақстаында облыс әкімі бос тұрған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Айта кетерлік жайт, нысанның құрылысы осыдан 20 жыл бұрын тоқтатылған болатын. Жалпы, Сергей Кулагин нысанға күрдел жөндеу жұмысын жүргізуді және мектеп ауласын абаттандыруды қатаң тапсырды. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияға атбасын тіреген аймақ басшысы бұл салада мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту керек екендігін атап өтті, делінген облыс әкімдігінің баспасөз хабарламасында.  

Сонымен қатар, Сергей Кулагин өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарын аралап, олардың жұмысына оң бағасын берді. 


Back to the list