10.07.2014
«Біз алғашқы 5-6 айда 74 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Ал, өткен жылы біз 86 мың шаршы метр пәтерді тапсырдық. Оның үстіне, бүгінде біз баспана құрылысы бойынша бүкіл облыс жоспарының 65% орындадық», - деп Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов ағынан жарылды.
Оның айтуынша, баспаналар тек мемлекеттік бағдарламалар аясында ғана салынып жатқан жоқ.
«Семейде 5-7 қабатты үйлерді жекеменшік компаниялар тұрғызуда және оларға сұраныста көп. Сонымен қатар, құрылысы ұзаққа созылған нысандарда іске қосылуда. Жалпы, біз қай жерде нені салу керек екенін және инфрақұрылым мәселесін бір жүйеге келтірдік», - деді қала басшысы.