• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстау облысында  бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды 10.07.2014

Кездесудің мақсаты адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнамада қандай нормаларды көздеу қажет деген мәселені қоя отырып, бизнес өкілдерімен тауар нарықтарындағы заңнамалық немесе әкімшілік деңгейде бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді (тосқауылдарды) талқылау болды, деп Бәсекелестікті қорғау агенттігінен хабарлады.

Т.С. Баймұханов Агенттіктің қызметі, интеграциялық процестер шеңберінде Қазақстанның монополияға қарсы саясатын күшейту мәселелері жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ, ол  2014 жылдың 1-тоқсанында жүргізілген жұмыс туралы, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін ретке келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы әңгімеледі.

Өткізілген іс-шара аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларының жай-күйі және оларды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар мен 2014 жылдың 1-жарты жылдығындағы өнеркәсіп пен бизнестің жай-күйі тыңдалды.

Өткізілген шара барысында сөз сөйлеушілерге бағалық реттеу және монополияға қарсы заңнаманың нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік саласында түрлі сұрақтар қойылды. Барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауап берілді.


Back to the list