• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да ЖКО 6%-ға азайды 10.07.2014

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, ЖКО сараптамасының көрсеткіші бойынша, өңірегі автокөлік апаттарының басты себептерінің бірі көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан белгіленген жылдамдықтан асырылуы болып табылады. 6 ай ішінде осы себептің кесірінен 170 ЖКО орын алды. Нәтижесінде 33 кісі қайтыс болып, 16 мыңнан астам адам жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

«Әкімшілік полициясы басқармасының мәліметінше, 2014 жылдың 6 айында ШҚО-да 580 жол-көлік оқиғалары тіркелген. Онда 71 адам қайтыс болып, 720 кісі түрлі деңгейдегі жарақат алды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ЖКО көлемі 6%, ал жарақаттану деңгейі 8%-ға азайған», - делінген хабарламада. 


Back to the list