• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыдағы сервистік компаниялар жұмысы басталғалы ШОБ-тан 110-нан астам өтініш түсті 09.07.2014

Алматы кәсіпкерлер палатасының келісімге отырған сервистік компаниялар жұмысының екі аптасында кәсіпкерліктер қызсет алуға 113 өтініш берген, деп хабарлайды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми порталы.

Бизнесті сервистік қолдау бөлімінің бастығы Алма Нұрғожаеваның айтуынша, қазіргі таңда ең көп сұранысқа ие болған заңгерлік қызмет түрлері болып отыр.

«Екінші орында маркетингтік қызмет түрлері. Бұл негізінен бизнес-жоспарлар мен нарықты зерттеу жұмыстары. Одан кейінгі орында кедендік мәселелер кездеседі. Сонымен қатар ақпараттық технология, бухгалтерлік және салықтық есеп енгізу қызметтері мен мемлкеттік сатып алуға қатысты қызмет түрлері де кеңінен сұранысқа ие», - дейді Алма Нұрғожаева.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 18 мамыры мен 1 шілдесі аралығында Алматы қалалық КП үміткер компаниялардан өтініш қабылдады. Барлығы 29 компаниядан 47 өтініш түсті. Сервистік қызмет көрсету құқығына байқау негізінде іріктелген жеті компания қол жеткізді. Осылармен кәсіпкерлер палатасы келісімге отырды.

Компанияларға бір терезе қағидасымен Даму қорының кәсіпкерлікті қолдау орталығының ғимаратында қызмет көрсетіледі. 


Back to the list