• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қостанай облысында ірі қара малының халықаралық бәссаудасы өтті 09.07.2014

Ірі қара малының әулиекөл тұқымы Қостанай облысына «Москалевское» ЖШС зауытынан алдырылған. Отыз жылдай мұнда селекционерлер еңбегімен мал қоралар ретке келтіріліп, сапалы асыл тұқымды мал басы өсірілді. Сонымен қатар асыл тұқымды мал басы бір ретке келтірілді. Оқымыстылар мен малшылар осындай еңбектің арқасында бүгінгі жетістікке жетіп отыр.

Әулиекөл тұқымды мал еттерінің сапасы мен құнарлылығы жағынан шет елдік ең таңдаулы асыл тұқымды мал басынан артық молмаса кем емес. Осынау отандық тұқымның технологиялық көрсеткіштері мен биологиялық ерекшеліктері және гендік сапасы нарықтағы бағасын арттыратын бірден бір фактор болып табылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Қазіргі таңда Қостанай облысының шаруашылық субъектілеріне ірі қапра мал басы таныстырылуда. Жүргізіліп жатқан құрылымдық өзгертулер 2016 жылға дейін ірі қара малына маманданған шаруашылықтардың 20 мың басқа дейін жеткіілуіне және 5 мың тоннадай жылдық өнім беріп, соның 2,2 мың тоннасын шетке экспорттауға мүмкіндік беретіні анық. Биылдың өзінде облыс 900 тонна ірі қара малының етін сатуды жоспарлап отыр», - деп хабарлайды баспасөз қызметі. 


Back to the list