09.07.2014
Шара аясында Ұлттық гвардияның Әскери кеңесінің отырысы өтті. Онда қызметтік-әскери жұмыстардың негізгі қорытындысы жасалып, алдағы уақытқа нақты міндеттемелер айқындалды.
Отырыста Қ.Қожамжаров қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіп сақтаудағы Ұлттық гвардияның рөліне тоқталды. Командалауға Ұлттық гвардияны бұдан ары жетілдіру тапсырмасы жүктелді.
Жиында жедел-қызметтік қабылдау аудандарындағы күш пен құзіретті тарату бойынша Ұлттық гвардия бөлімшелерінің әскери іс-қимылы көрсетіліп, парашютті-десантты және әскери сауықтыру топтарының қимылдары таныстырылды.
Жиын қорытындысы бойынша Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы «Орталық» өңірлік командалау құрамының жекелеген қимылдарына оң бағасын берді.