• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шымкентте бизнес-идеялар байқауына  35 команда қатысты 09.07.2014

Отыз сағаттың ішінде жастар бизнес-идеядан бастап таныстыруға дейінгі жолдан өтті. Ақтық сайысқа 15 команда шықты. Жалпы, дүбірлі додада ұсынылған бизнес – идеялар сан алуан болды. Алайда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар «U.I.S» командасы атанды. Бұл топ экологиялық көлік жуу жобасы үшін І орынды иеленіп, 300 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Екінші орынды ағылшын тілін аз уақытта үйрену жобасын ұсынған  «Экспресс-ағылшын» командасы (200 мың теңге сыйақы) иеленсе, үшінші орынға қазақ тілінді аспадық рецептерді даярлаған «Ас мәзірі.kz» тобы (100 мың теңге сыйақа) табан тіреді.

Айта кетерлік жайт, сайыста тек үш команда жеңіске жеткеніне қарамастан барлық жобалар Бизнес Періштелер Клубына жіберілетін болады. Онда сала мамандары құны 50 мың доллардан аспайтын бір жобаны қаржыландыру үшін таңдап алмақ. 


Back to the list