09.07.2014
«Бүгінде бизнес әлеуметтік жобаларға белсенді араласуда. Мысалы, отандық кәсіпкерлер тобы «Көп балалыларға 100 үй» жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, түрлі спорт мектептері мен алаңдарының құрылысы бойынша жобаларда бар. Жалпы, бизнестің әлеуметтік аз қамтамасыз етілген тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырып жатқан жобалары жетерлік», - деді Т. Доскенов.
Алайда оның айтуынша, Қазақстанда әліде бизнес қауымдастықтың әлеуметтік жауапкершілігі деген түсінік қалыптаспаған.
«Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік – ол қазақстандық бизнестің философиясы. Біз оны қоғам мен халықтың алдында жауапты екендігімізді түсіндіру үшін насихаттаймыз», - деп комитет төрағасы баса айтты.
Сонымен қатар, ол бүгінде қазақстандық бизнес-қауымдастық өз мойнына қосымша міндеттерді алуға әзір екенін тілге тиек етті.
Т. Доскеновтың мәліметі бойынша, Қазақстанда 3% көлемінде салықтық жеңілдіктер бар.
«150 млн. теңге көлемінде көмек әрдайым көрсетіліп келеді. Ал, 2 млрд, теңге көлеміндегі қайырымдылық көмек тасада қалып қояды», - деді ол.
Айта кетерлк жайт, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Орта Азияның Еуразия қоры» корпоративтік қорымен бірлесе отырып Қазақстандағы корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің ұлттық тұжырымдамасы жобасын дайындады.
Камила Амирова