09.07.2014
Гулзар мен ескерткіштің ашылу рәсіміне Ақтөбе қаласының әкімі, ардагерлер, Сәңкібай батырдың ұрпақтары, қоғамдастық өкілдері қатысты, деп облыс әкімдігенен хабарлады.
Ескерткішті әзірлеу және орнату үшін қаржы жинауға «Сәңкібай батыр атындағы» қоғамдық қоры бастаушы болды.
Мердігер ұйым «СтройМастерКласс» ЖШС көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру, отырғыштар орнату жөніндегі барлық жұмыстарды орындады. Велоспорт әуесқойлары үшін 400 метрлік веложол көзделген.