• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандықтар әлеуметтік қызмет көрсетудегі азаматтық қоғамды енгізу бойынша ирландық тәжірибені зерттеді 08.07.2014

Оқыту сапары қатысушыларының назарына ұсынылғаны мемлекет пен жергілікті қауымдастықтың екі аспектісі: жастар саясатын дайындау мен іске асырудағы қоғамның рөлі және халықытң әлеуметтік әлсіз бөлігін, соның ішінде жастар, жұмыссыздар, бұрынғы заң бұзушылар мен өзге де санаттағы адамдардың еңбекке араласуы бойынша қызмет көрсетудегі азаматтық қоғамның қатысуы, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімдігі өкілдері мен Голуэй графтығы өкілдерімен кездесуде қазақстандық делегация қатысушылары экономикалық даму, әлеуметтік қызметтердегі аутсорсингтік тетіктер мен мәселелер, биліктің жергілікті органы мен қызмет көрсетушілер арасындағы байланыс қағидалары, сонымен қатар мониторинг пен есеп беру процестерімен танысты. «Голуэй қаласы әріптестігі» қоғамдық ұйымы мен «Голуэй қалалық азаматтық қоғам форумы» қызметкерлері Ирландия Парламентімен ынтымақтастықтағы үкіметтік емес ұйымдарыдың маңызын әңгімеледі.

Жалпы, қазақстандықтар 12 қоғамдық ұйым мен жобаларды барып тамашалады. Олар жастарға, әлеуметтік аз қамсыздандырылған азаматтарға көмек көрсетеді. Бұл өз кезегінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру көздерін, қаражат тарту әдістері, мақсатты топтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету туралы қатысушыларға жан-жақты мәлімет берді. 


Back to the list