• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада кәсіпкерліктің тиімділігі бизнес-портал арқылы арттырылады 08.07.2014

«Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2017 жылға қарай Астана әлем бойынша  ақылды қалалардың алғашқы 50 ену керек деген тапсырма берді. Бұл дегеніңіз кәсіпкерлікті жүргізу барысында біз ақпараттық технологияларға сүйенуіміз керек. Бүгінде Астана мемлекетіміздің айнасы бола отырып, еліміздегі бизнестің бәсекелестілігін арттыруға бағытталған бастамалардың көш басында болуы тиіс», - деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры М. Мәжітов.

Бизнес-портал – ол электронды алаң. Оның басты міндеті іскерлік ақпаратты алуға көмектесу.

Сонымен, бизнес-порталға елорда экономикасының барлық секторы бойынша ақпараттар және мелекеттік қаржылай қолдау мен бизнеске жай қолдау көрсету туралы мәліметтер топтастырылған.

Сала маманының айтуынша, порталдың маңызды бөлімдерінің бірі «Кәсіпкерлерге көмек» бөлімі. Онда кез-келген азамат бизнесті жүргізу бойынша барлық сұрақтарына жауап таба алады. 


Back to the list