08.07.2014
Қазақстан Президенті Кубогының IV халықаралық турниріне 12 елден (Әзірбайжан, Ирак, Куба, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Өзбекстан, Уркаина, Филиппин мен Қазақстаннан) 104 спортшы қатысады. Барлық он салмақ дәрежесі бойынша біздің елден басқа Куба, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Украина спортшылары бар, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы Қазақстанның ұлттық құрамасының жылыдң басты біріншілігі Инчхондағы Азия ойындарына дайындығының пысықтау жұмыстары болып табылады.
Қазіргі қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Кубогын Біржан Жақыпов мен Иван Дычко екі реттен алса, Серік Сәпиев үш рет ұтқан.